Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №36 имени Б.Атыханулы»
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 2721268
Бухгалтерия:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » АЛМАЛЫ АУДАНЫНА 85 ЖЫЛ. Жаныңда жүр жақсы адам!!!
14
сентябрь
2021

АЛМАЛЫ АУДАНЫНА 85 ЖЫЛ. Жаныңда жүр жақсы адам!!!

АЛМАЛЫ АУДАНЫНА 85 ЖЫЛ. 
Жаныңда жүр жақсы адам
         
Алмалы ауданы 1936 жылы 14 қыркүйекте құрылды. Алмалы ауданы  қаламыздың дәл ортасынан орналасқан. Аудан көп жылдар бойы қаланың мәдени және қоғамдық өмірінің орталығы болып саналды. Биыл Алмалы ауданына 85 жыл толды.
           Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  өнер   қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының  иегері ,Білім беру ісінің үздігі Есетова Гүлшара Есетқызы Алмалы ауданында танымал тұлға. Алмалы ауданының ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде әртүрлі шаралар өткізуге атсалысуда. 
        Гүлшара Есетқызы, 1967 жылы республикалық эстрада студиясын бітіріп, Қазақконцертке Мәдениет министрінің жолдамасымен жұмысқа орналасты. Біртуар өнер қайраткерлері Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибигуль Төлегенова, Құрманғазы ұлт аспаптар оркестрінің, Халық қаһарманы Нұрғиса Тлендиев жетекшілік еткен “Отырар сазы” оркестрінің концерттерін жүргізіп, ел құрметіне бөленіп, 22 жыл еңбек етті. 1990 жылы Алмалы ауданының 2-оқушылар үйінен көркем сөз “Асылмұра” үйірмесін ашты. Содан бері 33 жыл өтті. Қазір тіпті бала бақшадан бастап, көркем сөздің шеберлері бар. Бұның өзі еліміздің ұстаздарының орасан зор еңбектерінің нәтижесі деп білемін. Мәдениетті, мақалдап, мәтелдеп, шешен сөйлеу, тіл байлығын арттыру әр оқушыға ауадай қажет дүние. 
        Тәуелсіз  еліміздің болашағы – білімді ұрпақ, -десек, ендеше өскелең ұрпағымыз  өз тілін,  халқын, ата-анасын сүйсе, құрметтесе, сөзге тоқтайтын азамат болып өссе деген ниет.  
       Гулшара апай, өз естелігінде ,«Мен, Алмалы ауданынан өзіңізге келіп дайындалайын»,- деген оқушылардың біреуін қайтармаймын. Тіпті, бірқатар ұстаздардың өздерін де үлкен байқауларға қатыстырамын. Орахлан Бөкей оқуының республикалық ІІ орын жүлдегері, 36-гимназия ұстазы Гүлмира Шойжанова, республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқуларының бас жүлдегері, 24-лицейдің әдебиет пәнінің ұстазы Динара Бекмағанбетова, қалалық  байқаулардың жүлдегерлерінің  саны тіпті көп.  «Асыл  мұра» үйірмесіне  қатысқан  кейбір дарынды оқушылардың  бәрі бірдей өнер саласына бара бермейді.           
       Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның оқушылары Алматы қаласының, республикалық көркем сөз шеберлері Спирина Ольга, Бердібекова Ақнұр, Искаков Ержан  мен Мақпал Медетқызы екеуі де керемет жоғарғы оқу орындарының студенттері. Әлі де студенттер арасындағы сайыстармен байқауларға қатысып, республикалық жүлделі орындарға ие болып жүр. Қазақ тілін өркендетуде мол үлес қосып жүрген азаматтар. Республикалық Т.Айбергенов оқуының жүлдегері- Маржан Нұралиева көркем сөз үйірмесіне  
2- сыныптан бастап қатысты. Болашақта одан керемет актриса шығады. Биыл Т.Жүргенов атындағы өнер аадемиясының 2 курсын бітіреді. Оқушыларға қасиетті сөз құдіретін ұғындырып, тәрбиелеп, жас таланттардың дарындылығын ашу әрбір ұстаздың борышы деп ойлаймын.              
Асыл мұра үйірмесінің оқушылары «Ақжелкен» театр  фестивалінің бірнеше рет жүлдегері, Пушкиннің “Тас мейман”, “Бахчисарай фонтаны”, “Цығандар”, “Екі Бикеш”, “Евгений Онегин”, “Борис Годунов” атты 6 спектаклі, Мұхтар Шахановтың “Отырардың күйреуі”, Осындай нәтижелі жұмыстарды қала көлемінде  тарату мақсатында “Асылмұра” үйірмесінің № 36 гимназияда  қалалық “Шеберлік мектеп” сабақтары өткізілді.
                “Тәуелсіз еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры – білімді ұстаздардың қолында”,- деген тұңғыш Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөзін жадында ұстайтын әр ұстаз тап осылай жаңашылдықпен, шығармашылықпен, үздіксіз ізденушілікпен, зерттеушілікпен еңбек етуіміз керек. Мынау дүниежүзіне келген індет қаупі кезінде, қашықтықтан оқу сабағы жүргізіліп жатыр. Осындай қиындықтарға қарамай “Асылмұра” сөз сабақтарын жоғарғы дәрежеде өткізуге тырысты.
         Карантин режиміне   байланысты қашықтық оқу кезінде арнаулы күндерге 18 видеоролик онлайнмен дайындалып, офлайн түсірілді.  «Адамзаттың  Абайы »  Абайдың 175 жылдық мерекесіне арналған мерекелік іс-шарада 8 «А» сынып оқушысы Ф. Абетей  бас жүлдені иеленді.   Қалалық  «Дарын» орталығының ұйымдастырған «Ер есімі  -ел есінде», Абай оқулары , Қ.Мырза  Әлі, М.Мақатаев оқуларына қатысып , 6 оқушы  І орнынды  иеленді.
        Ұстаз –шәкіртімен емес, шәкірт-ұстазымен мақтануы керек. Әрбір шәкіртінің жүрегінен мәңгі орын алған аяулы  ұстаз мерейі үстем бола берсін демекпін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: