Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №36 имени Б.Атыханулы»
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 2721268
Бухгалтерия:
+7(727) 2721268
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » «Қыздардың бойындағы жан сұлулығы мен тән сұлулығының құпиясы неде? »
25
февраль
2022

«Қыздардың бойындағы жан сұлулығы мен тән сұлулығының құпиясы неде? »

Гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Исахметова Э.Ж. ұйымдастыруымен 
23.02.2022ж.  «Қыздардың  бойындағы жан  сұлулығы мен тән сұлулығының құпиясы неде? » тақырыбында 8-11 сынып қыздарымен конференция  өткізілді. Мектепішілік іс-шараны ұйымдастырудағы   мақсаты: қыздарды әдемілік, әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге, сұлулық сырын тілімен жеткізе, көңілге тоқи білуге, зерделі болуға үйрету. Қазақ қызының бойындағы дәстүрге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан - жақты ұлттық асыл  қасиеттерді  сіңіру.
       Конференция барысында,  Қ.Р Еңбек сіңірген  өнер қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының   иегері - Есетова Г.Е қонақ ретінде шақырылып,   8-11 сынып қыздарына өз тарапынан  өнегелік, тағылымдық,  ақыл - кеңестерін айтып, оқушыларымыз  көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары И.Э. Жөнделбаевна " қыздардың бойындағы жан сұлулығы мен тән сұлулығының құпиясы" тақырыбында баяндама оқыды.  Аға тәлімгер Ұ.Муталипқызы 
 оқушылармен  психологиялық тренинг өткізді. Конференцияда оқушылар өздерін дамыту жолында көптеген ақпарат алды деп ойлаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: