08
март
2022
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Құрметті аналар, ұстаздар және қыздар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілеймін. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Ізгі тілекпен: гимназия директоры
А.М Аксерикова