15
ноябрь
2022
«Ментальды саулықтың өзекті мәселелері»
15 қараша, 2022ж. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің «№1Психиатрия және наркология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ментальды саулықтың өзекті мәселелері» атты тақырыпта жасөспірімдер арасында ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында дәріс өткізілді. Іс-шараға «№1Психиатрия және наркология» кафедрасының асистенті, жоғары дәрежелі дәрігер Өскенбай Зұлыпбек Мақашұлы және Ж.С.Момбекова, А.Әмзе қатысты. «Ерте жүктілік және оның алдын алу» атты тақырыпта бейнероликтер көрсетіп, репродуктивті денсаулық, жыныстық қатынас кезінде берілетін жұқпалы аурулар, түсік және асқынулар мазмұнында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназиясының 7,8,9,10,11 сынып оқушылары қатысты.